
Үкі - негізінен шөлді, далалы, таулы орманды жерлерді мекендеп, жемін көбіне түнде аулайтын жыртқыш құс. Евразияда, сондай-ақ Қазақстанда кең тараған. Оның ішінде Шығыс, Оңтүстік-шығыс, және Орталық Қазақстанның жазықтары мен тауларын қоса, Бетпақдалада, Арал өңірінде, Маңғыстауда, Үстірт пен Еділ-Жайық өзендерінің аралығында кездеседі.
Түрлі биотоптарда – тұз бен шөл даладан биік таулы жерлерге дейін мекендейді. Ұясын – қуыстарға, үңгірлерге, әр түрлі бастырмалардың астына жасыруға болатын жерге салады. Дене мөлшеріне қарай 2-12-ге дейін жұмыртқа салады, ұрғашысы бір айдан көп басады. Үкілер негізінен, ұсақ кеміргіштермен, кей жағдайда құстармен қоректенеді. Көп көшпейді, негізінен отырықшы. Жұптарын өмір бойы сақтайды.
Фото авторы: Ж.Э.Нурмухамбетов

2024 жылдың наурыз айының 11-14 аралығында Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің басшысы Ж.Устадов, ғылыми қызметкерлер А.Пулатов, С.Тұрмағамбетов, инспектор А.Кумусбаев қорық жылдық жоспарға сәйкес аң-құстарға көктемгі санақ жұмыстарын жүргізді.

Қара кірпі
Длинноиглый еж
Paraechinus hypomelas
Денесінің ұзындығы 20-25 см, салмағы 550-750 г. Құлақты кірпіден айырмашылығы денесі ірілеу, инелері ұзын (40 мм) және басында маңдайынан шүйдесіне дейін созылған жіңішке сына тәріздес инесіз бос жері болады. Бұл кірпінің қара және ақшыл түрлері болады: ақшыл түсті кірпінің инелері ғана емес, денесінің екі шетіндегі түктері де ақ болады. Іні 1 метр тереңдікте және бірнеше шығу тесіктері болады. Негізінен жәндіктермен қоректенеді, күніне 110 жәндік, сирек бауырымен жорғалаушылар және кеміргіштерді де жейді.
Қара кірпі – Қазақстанда тек Маңғыстау түбегі мен Үстірттің батысын бойлай мекендейді.


- ДАЛА ЕШКІЕМЕРІ
- 2023 жылдың қараша айының 21-22 аралығында Түркменстан, Ашхабад қаласында өткен GIZ "Орталық Азиядағы климаттың өзгеруін ескере отырып, интеграцияланған жерді пайдалану" өңірлік бағдарламасы шеңберінде "Орталық Азиядағы
- 2023 жылдың қараша айының 14-17 аралығында Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының ғылым,ақпарат және мониторинг бөлімінің ғылыми қызметкерлері А.Пулатов, С.Турмагамбетов, қорғау бөлімі басшысының м.а. Б.Бисенов, жүргізуші А.Озбекбаев қорық аумағындағы монито