Үстірт мемлекеттік қорығында кездесетін бүркіт (Aquila chrysaetos) – Қазақстандағы ең ірі жыртқыш құстардың бірі. Ол экожүйеде кеміргіштер мен ұсақ аңдардың санын реттеп, табиғи тепе-теңдікті сақтайды.
Бүркіттің орташа дене салмағы 4–6 кг аралығында, ал қанат жайымы шамамен 2 метрге дейін жетеді. Түр жұптасып тіршілік етеді және 1–2 жұмыртқа салады. Ұяларын биік жартастарға, қол жетпейтін жерлерге орналастырады.
Негізгі қоректік объектілері – қоян, түлкі және әртүрлі ұсақ кеміргіштер. Кей жағдайларда жұптұяқты жануарларға да шабуыл жасайды.


