Жаңаөзен қаласы №7 жалпы білім беретін мектептің 6«Б» сынып оқушысы Көнебай Нұрхан ұстазы Қомашова Алуаштың жетекшілігімен «Киікоты – табиғи хош иістің көзі» тақырыбында ғылыми жобаға қатысты. Зерттеу барысында Көнебай Нұрхан ғылыми жетекшісімен бірге Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің басшысымен сұхбаттасып, тақырыпқа қажетті материалдармен танысып және қосымша мәліметтер алды. «Киікоты» өсімдігінің табиғи қасиеттерін сақтау және оны тұрмыстық мақсатта пайдалануды зерттеуге бағытталған бұл жобадан жүлделі орынға ие болды.

