
2023 жылдың 27 ақпан-5 наурыз күндері аралығында "Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы" РММ инспекторлары құрамына жыл сайынғы семинар сабақтары өткізіледі.
27 ақпанда директордың орынбасары М.Ағиев қорық аумағын сыртқы әсерлерден қорғау, күзету жұмыстары тақырыбында дәріс өткізді.

2023 жылғы қаңтар айының 20-22 күндерінде “Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы”РММ директорының м.а. Ж.Э.Нурмухамбетов, ғылыми қызметкер А.Пулатов, инспектор Х.Қодарғұлов және механик-жүргізуші К.Есдаулетов қорық аумағына және оған шекаралас аймақтарға рейд жұмыстарын жүргізді.

2023 ж. 4-5 қаңтар күндері "Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы" РММ қорғау бөлімінің басшысы Қ.Мамаев, инспектор жүргізуші Н.Артықов, "Қарақия - Қаракөл" мемлекеттік табиғи қаумалының инспекторлары А.Сейтназаров, Е.Берленов Қаракөл көлі аумағының жай-күйін бақылау және рейд жұмыстарын жүргізді. Қаракөл көлінің солтүстік бетінде тұрмыстық қалдықтардың бар екені анықталып, "МАЭК - Казатомпром" ЖШС техникасының көмегімен қоқыс толық алынды.

Табиғи кешендер мен нысандарды қорғау бөлімінің инспекторы мен мемлекеттік инспектордың қызметтік нұсқаулығы.
- Қорықтың қорғау бөлімінің мемлекеттік инспекторы қорық директорының бұйрығымен қызметке тағайындалады және қызметінен босатылады.
- Қорғау бөлімінің мемлекеттік инспекторына табиғи кешендер мен нысандар айналымы бекітіліп және тиісті мемлекеттік меншік айналымының паспорты беріледі. Қызметіне қарай қорғау бөлімінің инспекторы ЕҚТА-ның мемлекеттік инспекторы болып табылады.
- Өз қызметінде қорғау бөлімінің мемлекеттік инспекторы Қазақстан Республикасының заңдары мен Констуциясын, Қазақстан Республикасының Президенті және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, жоғарғы органдар мен мемлекеттік табиғи қорықтардың қорғау қызметі туралы ережелеріне сүйеніп, басшылыққа алады.