A A A Ц Ц Ц Ц

ШРИФТ:

Arial Times New Roman

ИНТЕРВАЛ:

х1 х1.5 х2

ИЗОБРАЖЕНИЯ:

Черно-белые Цветные
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.

Select your language

МЕНЮ

Директор

Бекмагамбетова Эльнара Нурадиновна

тел: 8 771 224 38 70

Директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары

Ермек Жасқайрат Ермекұлы

Тел: 87056551584

Директордың орынбасары

Қалдыбай Мұхаммедұлы Мамаев

Тел: 8702 961 6388

Аққу - Қазақстанның су айдындарында кездесетін құстар. Қыс мезгілінде қолайсыз климаттық жағдайлар әсерінен суыққа тоңып, әлсіреген екі аққудың «Ақтау әлеуметтік бейімдеу орталығында» бар екендігі туралы ақпаратты Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы хабарлаған болатын. Аталған дерек негізінде Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының табиғи кешендер мен нысандарды қорғау бөлімінің кезекшіліктегі мемлекеттік инспекторлары Е.Берленов, Е.Бердібеков және жүргізуші Н.Қалдар әлсіреген құстарды қабылдап, қажетті күтім шараларын жүргізілді. 2026 жылдың ақпан айының 1-2 күндері аққулар Қарақия–Қаракөл мемлекеттік табиғи қаумалы аумағындағы Қаракөл көліне жіберілді.  Маңғыстау облысында орын алған бұл оқиға Ақтау қаласының тұрғындарының табиғатты қорғауға деген жанашырлығын айқын көрсетіп, табиғатты қорғау мекемелерінің үйлесімді әрі тиімді іс-қимылын көрсетіп, құстарды сақтау мен биоалуантүрлілікті қорғау ісінде үлгі бола алады. 
Табиғи кешендер мен нысандарды қорғау бөлімі