2023 жылдың мамырында National Geographic грант жобасының, Segré және Conservation X Labs жобаларының қатысуымен «Қазақстанда ірі мысықтарды - қар барысы мен Оңтүстік-Батыс Азия қабыланын зерттеу және қорғау бойынша халықаралық трансшекаралық жоба» іске қосылды. Жоба үш елде – Түркменстанда, Қырғызстанда және Қазақстанда жүзеге асырылуда.
Қазақстандағы Жобаның негізгі орындаушысы – Қазақстанның биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының қатысуымен (АСБК https://www.acbk.kz/) «Биоалуантүрлілікті зерттеу және қорғау орталығы» қоғамдық қоры (BRCC https://www.brcc.kz/) болып табылады. Жобаның үйлестірушісі – Владимир Терентьев (BRCC).

Бүркіт
Беркут
Aquila chrysaetos
Сұңқартәрізділер отряды - Отряд Соколообразные - Falconiformes
Қаршығатектестер тұқымдасы - Семейство Ястребиные - Accipitridae
Таралуы. Еуразияда кең таралған. Ұялайтын жерлерінде қыстайды. Қазақстан территориясында шашырап мекендейді. Оңтүстік пен шығыстың тауларында біршама кәдімгідей, бүркіт Маңғыстауда, Үстірттің шыңдарында, Мұғылжарда, Сырдария өзеннің аңғарында, Қызылқұмда Бетпақдалада. Сары-Арқаның бірқатар нүктелерінде, Көкшетау қырқаларында және Павлодар Ертіс өңірінде кездеседі.

Ителгі
Балобан
Falco cherrug
Сұңқартәрізділер отряды – отряд Соколобразные - Falconiformes
Сұңқартектестер тұқымдасы – Семейство Соколиные – Falconidae
Таралуы. Еуразияның орманды дала, дала және шөлді аймақтарында – батыста Дунайдың төменгі сағасынан шығыста Үлкен Хинганға дейін кездеседі. Қазақстанда республиканың оңтүстік шығыстағы таулы аудандарында, Бетпақдалада, Қызылқұм, Маңғыстаудың тау тізбектерінде, Үстірттің шыңдарында, Наурызымның шоқ ормандары мен Ертіс бойындағы ормандарда, Торғайдың төменгі сағасында және Батыс Қазақстанда ұялайды. Миграция кезінде республиканың барлық жерлерінде кездеседі, Қазақстанның оңтүстігі мен шығысындағы тау бөктерінде қыстайтыны белгілі.

Жек дуадақ
Джек
Chlamydotis macqueenii
Тырнатәрізділер отряды – Отряд Журавлеобразные – Gruiformes
Дуадақтар тұқымдасы – Семейство Дрофиные - Otididae
Таралуы. Солтүстік Америка мен Азияның оңтүстік жартысындағы шөлдер мен шөлейтті жерлерде ала-құла орналасқан. Қазақстанда – Каспийден Зайсан қазаншұңқырына дейін, солтүстікте ендіктің 48-49°-на дейін кездеседі. Алдыңғы және Оңтүстік Азияда қыстайды.

Жалбағай
Колпица
Platalea leucorodia
Дегелектәрізділер отряды – Отряд Аистообразные – Ciconiiformes
Тырнақұтандар тұқымдасы – Семейство Ибисовые – Threskiornithidae
Таралуы. Еуразия мен Солтүстік-шығыс Африканың су қоймалары. XX ғасырдың ортасында Қазақстаннның көптеген су қоймалары мен жазықтық өзендерінің атырауларында мекендеген. 1980-1990 жылдары жалбағай тек Еділ-Жайық су айырығының, Орталық, Оңтүстік және Шығыс Қазақстанның жекелеген су қоймаларында ғана сақталып қалды.
- Қазақстанның Қызыл кітабына енген; Үстірт табиғи қорығы аумағында мекендейтін – төртжолақты қарашұбар жылан.
- 2023 жыл мамыр айының 15-30 аралығында "С. Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық университетінің" 3-курс "Аңшылықтану және аң
- 2023 жылдың 17-21 мамыр аралығында Үстірт қорығының ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің басшысы Ж.А.Устадов Қарақалпақстан Республикасы Нөкіс қаласында Михаэль Зукков қорымен