
2023 жылдың 10-12 наурыз күндері "Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы" РММ директорының м.а Ж.Нурмухамбетов, қорғау бөлімі басшысының м.а Х.Қодарғұлов, аға ғылыми қызметкерлер С.Тұрмағамбетов және А.Пулатов, механик-жүргізуші К.Есдаулетов қорық аумағында рейд жұмыстарын жүргізді.

Ақбауыр жарқанат
Белобрюхий стрелоух
Otonycteris hemprichi
Жарқанаттар, немесе қолқанаттылар отряды.
Жылтыртұмсықты жарқанаттар тұқымдасы.
Таралуы. Қазақстанда екі жерден ғана: бірі – Қаратаудың батыс жағындағы Ақмешіт үңгірінен, екіншісі – Үстірттің батыс шыңындағы Көкесем құдығы төңірегінен табылып отыр. Түркімениядағы Үлкен Балқан тауларынан да (Үстірттен оңтүстікке қарай 400 км) табылды.

Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының инспекторлары А. Өзбекбаев, Б. Бердібеков, Ә. Беков, Д. Атантаев, Н. Уалихан, Б. Қожашев 05.03-14.03.23 аралығында кезекшілікпен қатар қорық аумағындағы бұлақ көздерін ашып, аншлагтарды жөндеп, аңдардың су ішетін астауларын судан толтыру жұмыстарын жүргізді.

2 наурыз 2023 жылы Үстірт қорығының мемлекеттік инспекторлар құрамына жыл сайынғы инспекторларды оқыту семинары аясында ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің басшысы Ж.Устадов «Фенологиялық бақылаудың дұрыс толтырылуы», кіші ғылыми қызметкер Т.Дарибаев «Үстірт қорығы аумағындағы ауа райының құбылыстары» тақырыбында дәріс өткізді.

2023 жылы 3 наурызда жыл сайынғы семинар сабақтарының аясында қорықтың инспекторлар құрамына "Үстірт қорығының флорасы мен фаунасы" тақырыбында аға ғылыми қызметкер С.Тұрмағамбетов, "Фототұзақ құру әдістері. Сүтқоректілерге мониторинг жүргізу" тақырыбында аға ғылыми қызметкер А.Пулатов дәріс оқып, Жаңаөзен қаласы маңындағы жасанды көлшік аумағында практикалық сабақтар өтті.