
Ғылыми қызмет бойынша баяндама. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жүргізілетін ғылыми зерттеу жұмыстарына қатысты жиналыстар өткізу кестесіне сәйкес 2022 жылғы 2 желтоқсанда Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті ZOOM платформасында "Үстірт МТҚ" және "Барсакелмес МТҚ"-на ғылыми зерттеу бағытындағы жұмыстарын жүргізу бойынша баяндамаларын тыңдап, презентация жүргізді. Баяндама барысында "Үстірт МТҚ" РММ-нің директорының м.а. Ж.Э.Нурмухамбетов пен ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің басшысы Ж.А.Устадов бекітілген ғылыми зерттеу жоспарына сәйкес атқарылып жатқан жұмыстары, бірлескен ғылыми зерттеу жұмыстары, қазіргі таңдағы ғылыми бағыттағы проблемалық сұрақтар айтылды.

Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің ғылыми қызметкерлері С.Тұрмағамбетов, Ә.Куанов, Т.Дарибаев, жүргізуші К.Есдаулетов және кезекшілікте жүрген қаумал инспекторлары Е.Берленов, Б.Тлеужанов 2022 жылдың қараша айының 8-9 аралығында «Қарақия - Қаракөл» мемлекеттік қаумалына аң - құстарға санақ және рейд жұмыстарын жүргізді.

2022 жылғының қазан айының 17-19 күндері "Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы"РММ-нің ғылым,ақпарат және мониторинг бөлімінің басшысы Ж.А.Устадов, ғылыми қызметкерлер А.Пулатов, Т.Дарибаев, А.Қуанов, Маңғыстау облысы бойынша орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекция өкілдері М.А.Сансызбаев пен Ә.М.Бектлеу Маңғыстау Ошжд Аумақтық Инспекциясы, Алматы қаласындағы зоология институтының маманы Е.Ташибаев, "Охотзоопром" ӨБ РМҚК Ргкп Охотзоопром маманы Б.Агмановпен бірлесіп жоспар бойынша Үстірт қорығының аумағында мекендейтін аң-құстарға жыл сайынғы санақ жұмыстарын жүргізді.
Ғылым ақпарат және мониторинг бөлімінде штаттық кестеге сәйкес Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінде 5 қызметкер жұмыс жасайды. Ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізудің мақсаты Үстірт қорығының биоалуантүрлілігі- өсімдіктері мен жануарлары, олардың өмір сүру ортасы т.б. маңызды жағдайлары туралы тұрақты нақты мәліметтер алу, сонымен қатар қауіпті жағдайлардың алдын алу шараларын әзірлеу. Жыл бойы қорық қызметкерлері мен инспекторларына деректерді талдау, мониторинг жүргізу, бланкілер мен формаларды толтыру бойынша оқу семинарлары өтеді.
АҚБАУЫР ЖАРҚАНАТ. Сирек кездесетін түр. Қазақстанда екі жерде Сырдария Қаратауының батысындағы Ақмешіт үңгірі мен Үстірттің батыс жағындағы Қарамая тауынан табылған. Қаратауда аса терең емес тасты жерлерді мекендейді. Саны мен оған әсер ететін факторлар белгісіз.Үстірт қорығында қорғалады. Ақбауыр жарқанаттың биологиясын зерттеп, оны қорғау мәселерін дайындау қажет.