A A A Ц Ц Ц Ц

ШРИФТ:

Arial Times New Roman

ИНТЕРВАЛ:

х1 х1.5 х2

ИЗОБРАЖЕНИЯ:

Черно-белые Цветные
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.

Select your language

МЕНЮ

Директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары

Нурмухамбетов Жаскайрат Эрмекович

Ұялы тел: 87002961384

Директордың орынбасары

Ағиев Меңдібай Ізтұрғанұлы

Ұялы тел: 87718383013

Құрметті достар!
Сіздерді қаймағы бұзылмаған табиғатты тамашалау үшін Үстірт қорығы аумағындағы тасты шарлар (конкрециялар), Қараған Босаға үңгірі, Қарынжарық ойпаты (Өнере), Көкесем шатқалдары, арандарды көру үшін "Өнере" және "Көкесем" туристік маршрутымен серуендеуге шақырамыз! Келіңіздер,күтеміз! Қорық аумағында болу және түнеуге қажетті шатырлар мен азық-түліктер, керекті заттардың барлығын өзіңізбен бірге алып келесіз!
 
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті бекіткен төлем тарифтері бойынша төлемақы алынады.
 

Туристерден алынатын қызмет ақылары:

  • Туристік соқпақтарды ұсыну 1(бір) адамға 1(бір) күнге-1500 теңге
  • Мемлекеттік табиғи қорық аумағында болу 1(бір) топқа 1(бір) күнге:

            -Экскурсия жүргізуші-1700 теңге

-Жолсерік-инспектор-1800  теңге               (1 топ-10 адам)

  • Көлік қызметін ұсыну (УАЗ автокөлігі): 1(бір) күнге – 61290 теңге

(Көлік өзіңізден болған жағдайда бұл тариф алынбайды. Қорықтың инспектор жолсерігін алып жүру міндетті!)

Сондай-ақ, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы Салық кодексіне сәйкес Жаңаөзен қаласы бойынша Салық комитетінің бюджетіне 105313 коды бойынша бір адамға күніне айлық есептік көрсеткіштің    0,1%-ы (бұдан әрі АЕК) төленеді. 2022 жылы 1 АЕК 3063  теңгені құрады.

Яғни күніне 1(бір) адамға бару үшін төлем  306,3 теңгені құрайды.

Сонымен, келушілер 2 (екі) төлем түбіртегін ұсынғаннан кейін қорық аумағына кіру үшін рұқсат қағазы беріледі.

8(72934) 46006, 76833, 87712243870 телефон нөмірлері бойынша жұмыс күндері хабарласуға болады.(дүйсенбі-жұма).

e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

www.ustirt.kz

facebook: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

instagram: Ustirt_kz

 

Экскурсияға шығардан бұрын алдын-ала қорық әкімшілігімен байланысуыңызды сұраймыз!

 

Өнере төрткүлдері-Кендірлі сорының оңтүстік шетінде, Өнере бұлағының жайылма суының аяғында орналасқан, ерекше тұрпатты төбелер. Маңғыстауда төрткүл деп пирамида тұрпатты, жан-жағы тік беткейлі төбелерді атайды. Өнереде, сордың ортасында бұл төрткүлдердің бесеуі бар.

 

Көкесем шатқалындағы шыңның әсем табиғаты көрген жанды таң қалдырмай қоймайды. Мұнда ежелгі теңіз табанының орнында тас болып қатып қалған теңіз жәндіктерінің қалдықтарын, ертегі кейіпкерлерінің бейнесіне ұқсайтын тас мүсіндерді көруге болады. Шыңның төменгі етегінде тас арасынан тамшылап ағатын тұп-тұщы Көкесем бұлағы бар. Бұл құдық арқар мен басқа да жануарлардың тіршілік көзі. Шың жиегінде Көкесем құдығы бар.

ӨТІНІМДІ ЖІБЕРІҢІЗ

Қош келдіңіз! Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы біз сіздерді көруге әрқашан қуаныштымыз.
Сізге сапалы қызметтерді ұсыну үшін біз сіздің компьютеріңізде сақталған cookie файлдарын пайдаланамыз. «КЕЛІСЕМІН» түймесін басу арқылы сіз біздің веб-сайтта cookie файлдарын пайдалану туралы хабардар екеніңізді растайсыз. Браузер параметрлерінде cookie файлдарын өшіруге болады.
Мен келісемін