Ғылым ақпарат және мониторинг бөлімінде штаттық кестеге сәйкес Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінде 5 қызметкер жұмыс жасайды. Ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізудің мақсаты Үстірт қорығының биоалуантүрлілігі- өсімдіктері мен жануарлары, олардың өмір сүру ортасы т.б. маңызды жағдайлары туралы тұрақты нақты мәліметтер алу, сонымен қатар қауіпті жағдайлардың алдын алу шараларын әзірлеу. Жыл бойы қорық қызметкерлері мен инспекторларына деректерді талдау, мониторинг жүргізу, бланкілер мен формаларды толтыру бойынша оқу семинарлары өтеді.
АҚБАУЫР ЖАРҚАНАТ. Сирек кездесетін түр. Қазақстанда екі жерде Сырдария Қаратауының батысындағы Ақмешіт үңгірі мен Үстірттің батыс жағындағы Қарамая тауынан табылған. Қаратауда аса терең емес тасты жерлерді мекендейді. Саны мен оған әсер ететін факторлар белгісіз.Үстірт қорығында қорғалады. Ақбауыр жарқанаттың биологиясын зерттеп, оны қорғау мәселерін дайындау қажет.
ҚАРАҚҰЙРЫҚ (gazella subgutturosa), тұлғасы сымбатты, дене тұрқы 101-126 см, шоқтығының биіктігі 67-79 см. Текесінің салмағы 22 кг, ешкісінікі – 20-34 кг. Текелерінің мүйізі түп жағы бедерлі, ұшы бір-біріне қарай аздап иілген, қара қоңыр түсті, ұзындығы 33-43 см болады, ешкілері – тоқал.
Үстіртте жұп тұяқтылар отрядының өкілі – үстірт арқары (ovis vigney arcal) мекендейді. Бұл ұзын аяқты сымбатты дала жабайы қойы. Дене тұрқы 120-150 см, шоқтығының биіктігі 77-98 см, қошқарының салмағы 53-80 кг, саулығының салмағы 36-46 кг. Қошқарының мүйізі онша үлкен емес, алға иіліп және ішкі қарай бұрылып тұрады.
Статусы. I санат. Өте сирек түр. Шектеулі территорияда бірен – сарандары кездеседі.
Гендік қорды сақтап қалудағы таксонның маңыздылығы.Туыстың Әлемдік фаунадағы бірден – бір өкілі.Қазақстанда оның таралу аймағының солтүстік шекарасы өтеді.