A A A Ц Ц Ц Ц

ШРИФТ:

Arial Times New Roman

ИНТЕРВАЛ:

х1 х1.5 х2

ИЗОБРАЖЕНИЯ:

Черно-белые Цветные
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.

Select your language

МЕНЮ

Директор- Сериков Закон Шапагатович

Жұмыс тел: 8(72934) 76 8 33

Ұялы тел: 87777362362

Директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары

Нурмухамбетов Жаскайрат Эрмекович

Ұялы тел: 87002961384

Директордың орынбасары

Ағиев Меңдібай Ізтұрғанұлы

Ұялы тел: 87718383013

Жалпы мәліметтер: Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы (ҮМТҚ) 1984 жылы 12 шілдеде Қазақ КСР-нің Министрлер Кеңесінің № 294 Қаулысымен ұйымдастырылған. Қорық республикалық маңызға ие жоғарғы санатты ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қатарындағы, өңірлік ғылыми-зерттеу мекеме дәрежелі мемлекеттік табиғи қорық..  Қорықтың құрылу мақсаты – Қазақстанның Оңтүстік-Батысындағы шөлдік аймақтың табиғи кешендерін табиғи күйінде сақтап қалу.

Қорықтың негізгі міндеттері:

  • Қорғалатын табиғи кешендердің табиғи күйінде сақталуын қолдау мен биологиялық алуантүрлілікті сақтау;
  • Табиғат жылнамасын жүргізу арқылы экологиялық мониторинг жүргізу, ғылыми зерттеулер жүргізу;
  • Жергілікті халыққа экологиялық ағарту жұмыстары арқылы табиғат қорғауды насихаттау

 

Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы Арал-Каспий суайрығының аумағындағы Үстірт жонының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Оның аумағы ендік бағытта ең жалпақ бөлігі 43 км-ге (шығыс бойлығы 54˚ 09' бастап, 54˚ 55' дейін), меридиандық бағытта – 95 км-ге (1942 ж. координаталар жүйесі бойынша солтүстік ендігі 42˚ 34' - 43˚ 23') созылған.  Қорықтың жалпы ауданы 223 342 га құрайды. Ол Үстірттің Батыс шыңдарының оңтүстік бөлігін (солтүстік-батыста Мәмекқазған құдығынан бастап, оңтүстікте Қызылсай алқабына дейін), оған жалғасып жатқан Үстірт жонының жіңішке шыңды жолағын, Қарынжарық – Кендірлі-сор ойпатының шығыс бөлігі мен Карынжарық құмды алқабының фрагменттерін, сонымен қатар, Қарамая тауын қамтиды. Қорықтың ең биік нүктесі Көкесем құдығы ауданындағы Үстірттің Батыс жонында (теңіз деңгейінен +340 м биіктікте), ең төменгі нүктесі Кендірлі сордың солтүстік бөлігінде (-52 м) орналасқан.

Жер бедері мен топырақтың әртүрлілігінен қорықтың флорасы мен фаунасы алуан түрлі болып келеді: қазіргі уақытта оның аумағында жоғарғы тамырлы өсімдіктердің 403 түрі, сүтқоректілердің 33, құстардың 174, бауырымен жорғалаушылардың 15, қосмекенділерден 1 түрі тіркелген.

Соның ішінде ҚР Қызыл кітабына: өсімдіктерден-майда қатыран, берік сүттіген, хиуа сораңы, кәдімгі жұмсақ жеміс, бор рияңы, құстардан – кішкене аққұтан, жалбағай, қарабай, қоқиқаз, балықшы тұйғын, ақұйрықты субүркіт, жыланжегіш қыран, дала қыраны, қарақұс, бүркіт, сақалтай, жұртшы, ителгі, лашын, тазтырна, жекдуадақ, қарабас өгіз шағала, қарабауыр бұлдырық, ақбауыр бұлдырық,  қылқұйрық бұлдырық, үкі; бауырымен жорғалаушылардан: Палассов қарашұбар жыланы; сүтқоректілерден: арқар, қарақұйрық, қарақұлақ, итаю, сабаншы, шұбар күзен, шағыл мысығы, ақбауыр жарқанат, Оңтүстік-Батыс Азия қабыланы енген.

ӨТІНІМДІ ЖІБЕРІҢІЗ

Қош келдіңіз! Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы біз сіздерді көруге әрқашан қуаныштымыз.
Сізге сапалы қызметтерді ұсыну үшін біз сіздің компьютеріңізде сақталған cookie файлдарын пайдаланамыз. «КЕЛІСЕМІН» түймесін басу арқылы сіз біздің веб-сайтта cookie файлдарын пайдалану туралы хабардар екеніңізді растайсыз. Браузер параметрлерінде cookie файлдарын өшіруге болады.
Мен келісемін