Устадов Жалғас Адықанұлы 1967 жылы 20 ақпанда Түркменстан Республикасы Ташауыз облысында дүниеге келген. 1991 жылы Тверь қаласындағы Калинин ауыл шаруашылық институтының «зооинженер» мамандығын бітірген.
Үстірт қорығында кіші ғылыми қызметкер болып қызметін бастаған Жалғас Адықанұлы 30 жылдық жұмыс өтілін қорықтың ғылыми зерттеу жұмыстарына арнаған, өзінің жұмысын жақсы білетін жауапкершілікпен қарайтын маман. Устадов Жалғас Адықанұлының орман шаруашылық саласында жұмыс тәжірибесі өте мол. 2005-2012 ж.
аралығында Үстірт қорығы директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, 2012-2019ж. аралығында қорық директоры қызметін атқарды. Туған табиғатымыздың байлығын сақтап, қорғауға өз үлесін қосып келе жатқан, ұжымына сыйлы азамат 2016 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен, 2021 жылы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Биоәртүрлілікті сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» ІІ-дәрежелі төсбелгісімен марапатталды.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» РММ «Ғылым ақпарат және мониторинг бөлімінің басшысы» қызметін атқарады. Отбасында бес бала тәрбиелеп отырған үлгілі әке, аяулы жар.