Табиғат қорғау заңнамаларының талаптарын сақтау мақсатында Маңғыстау облыстық орман шауашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының жануарлар дүниесі және аңшылық шаруашылығы бөлімінің басшысы - аға мемлекеттік инспектор Т.Шапағатов, бас маман - мемлекеттік инспектор - Е.Алибеков, «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» РММ мемлекеттік инспекторлары - Е.Берленов, Н.Артықов, Ә.Қуанов, Б.Сайынов, Б.Тлеужанов, Н.Қайрат «Қарақия-Қаракөл» мемлекеттік табиғи (зоологиялық) қаумалы аумағына бірлескен жоспарлы рейдтік шара өткізді.