Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының Табиғи кешендер мен нысандарды қорғау бөлімінің басшысы Б. Қожашев және инспектор-жүргізуші Н. Артықов 2026 жылғы 27–29 маусым аралығында қорық аумағында және оған іргелес аумақтарда рейдтік жұмыстар жүргізіп, шекаралық және ақпараттық белгілерді (знактарды) ауыстырды. Жұмыс барысында табиғи-климаттық жағдайлардың әсерінен тозған және жарамсыз күйге түскен белгілер жаңартылып, жаңалары орнатылды. Сонымен қатар, қорық аумағының шекаралары тексеріліп, өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы мен табиғат қорғау заңнамасының орындалуына бақылау жүргізілді.




