A A A Ц Ц Ц Ц

ШРИФТ:

Arial Times New Roman

ИНТЕРВАЛ:

х1 х1.5 х2

ИЗОБРАЖЕНИЯ:

Черно-белые Цветные
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.

Select your language

МЕНЮ

Директор

Бекмагамбетова Эльнара Нурадиновна

тел: 8 771 224 38 70

Директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары

Ермек Жасқайрат Ермекұлы

Тел: 87056551584

Директордың орынбасары

Қалдыбай Мұхаммедұлы Мамаев

Тел: 8702 961 6388

 

Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының Табиғи кешендер мен нысандарды қорғау бөлімінің басшысы Б. Қожашевжәне инспектор-жүргізуші Н. Артықов 2026 жылғы 27–29 маусым аралығында қорық аумағында және оған іргелес аумақтарда рейдтік бақылау жұмыстарын жүргізді. Рейдтің негізгі мақсаты – қорық аумағында табиғат қорғау заңнамасының сақталуын бақылау, өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуын қадағалау, сондай-ақ заңсыз аңшылықтың, табиғатқа зиян келтірудің және басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алу болды. Іс-шара барысында қорық аумағындағы негізгі бағыттар мен өрт шығу қаупі жоғары учаскелер тексеріліп, өрттің алдын алу шараларының сақталуына ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, қорыққа іргелес аумақтарда табиғатты қорғау талаптарының орындалуы бақылауға алынып, азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Рейд нәтижесінде қорық аумағында өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы тұрақты бақылауда екені анықталды. Табиғи кешендерді қорғау және олардың экологиялық тепе-теңдігін сақтау бағытындағы рейдтік жұмыстар алдағы уақытта да жоспарлы түрде жалғасатын болады.