Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 19.03.2025ж №27-03/61-НҚ бұйрығына сәйкес 2025 жылы мемлекеттік орман қоры жерлерінде 26 наурыздан бастап өрт қаупі бар маусымның басталу күні болып белгіленді. Соған байланысты 04.04.2025ж Үстірт қорығының инспекторлары Е.Берленов, М.Мадинов, Б.Тлеужанов "Қарақия-Қаракөл" мемелкеттік табиғи қаумалы аумағындағы шаруа қожалық иелеріне өрт қауіпсіздігі мен оның алдын алу, болдырмау шаралары жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.