Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні»
Аясында белгіленген «Эколог күні» кәсіби мерекесі қарсаңында экология саласының дамуы мен өркендеуіне қосқан елеулі үлесі үшін Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының қызметкері Нұрберген Аманқосұлы Мәдиев Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар министрлігінің марапатына ие болды.
Бұл марапат – табиғатты қорғау ісіне адал қызмет етіп, қоршаған ортаны сақтауға қосқан еңбектің жоғары бағалануының айқын көрінісі.
Әріптесімізді лайықты марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, деніне саулық, отбасына амандық, қызметіне толағай табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!




