Ғылыми зерттеу мәліметтері бойынша ҮМТҚ-ның аумағын жерүсті омыртқалы жануарларының 4 тобының өкілдері мекен етеді, соның ішінде 1 қосмекенді, 15 бауырымен жорғалаушылар, 174 құстар мен 33 сүтқоректілер. Қазіргі уақытта анықталған жерүсті омыртқасыздарының өкілдері 3 (жәндіктер, өрмекшітәрізділер, шаянтәрізділер) топқа, 11 жасаққа, 85 тұқымдасқа, 795 түрге жатады.
ҮМТҚ-ның флорасын ғылыми зерттеудің соңғы мәліметтері бойынша қорықта 51 тұқымдас пен 220 түрге жататын жоғарғы түтікті өсімдіктердің 403 таксоны берілген. Олардың ішінде 5 түр: майда қатыран, берік сүттіген, хиуа сораңы, кәдімгі жұмсақжеміс, бор рияңы Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген. Өсімдік жабындыларында негізінен Алаботалар (Chenopodiaceae), Күрделігүлділер (Asteraceae), Қырыққабаттылар (Brassicaceae), Қоңырбастылар (Poaceae), Бұршақ (Fabaceae) тұқымдастары басымырақ.




