A A A Ц Ц Ц Ц

ШРИФТ:

Arial Times New Roman

ИНТЕРВАЛ:

х1 х1.5 х2

ИЗОБРАЖЕНИЯ:

Черно-белые Цветные
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.

Select your language

МЕНЮ

Директор

Бекмагамбетова Эльнара Нурадиновна

тел: 8 771 224 38 70

Директордың орынбасары

Ағиев Меңдібай Ізтұрғанұлы

Тел: 87718383013

Ақбауыр жарқанат

Белобрюхий стрелоух

Otonycteris hemprichi

Жарқанаттар, немесе қолқанаттылар отряды.

Жылтыртұмсықты жарқанаттар тұқымдасы.

Таралуы. Қазақстанда екі жерден ғана: бірі – Қаратаудың батыс жағындағы Ақмешіт үңгірінен, екіншісі – Үстірттің батыс шыңындағы Көкесем құдығы төңірегінен табылып отыр. Түркімениядағы Үлкен Балқан тауларынан да (Үстірттен оңтүстікке қарай 400 км) табылды.

 

Биологиялық ерекшеліктері. Ол туралы Қазақстанда мәлімет жоқ. Орта Азияда зерттеулер мынаны көрсетеді: көктем мен жазда аталықтары жеке-жеке жүрсе, аналықтары-шағын топ құрып өмір сүреді. Қараңғы түссе аңшылыққа шығады. Қалықтап ұшуы құстардың ұшуына ұқсайды. Бунақденелілерді жер бетінен 2-3 м биіктіктен ұстайды. Оны жер бетінен 20-25 м биіктікте сирек кездестіресіз. Негізгі азықтары – қоңыздар, инеліктер, көбелектер. Кейде тіршілік ететін мекендерінен кесірткелерді де ұстайды. Әр аналық көбіне 2-ден өсім береді. Жас жарқанаттар тез өседі және шілде айында өзінше қоректерін аулауға кіріседі.