
1 наурыз 2023 жылы Үстірт қорығындағы инспекторлар құрамына экологиялық ағарту және туризм бөлімінің мамандары "Қорық аумағында экотуризмді дамыту. Туристік соқпақтарды күтіп ұстау ережелері" тақырыбында дәріс өткізіп, тренинг ұйымдастырды.

20 қаңтар 2023 жылы Жаңаөзен қаласындағы Т.Әлиев атындағы №1 жалпы білім беретін мектептің оқушыларына Үстірт қорығының экологиялық ағарту және туризм бөлімінің мамандары Р.Баданова және С.Хожабаева қорықтың тыныс-тіршілігі, мекендейтін жануарлары, құстары, табиғи және тарихи-мәдени ескерткіштері туралы мағлұмат беріп, дәріс сабақтарын өткізді.
Экологиялық ағарту және туризм бөлімінің мамандары үгіт-насихат жұмыстары мен экологиялық ағарту бағытындағы іс-шараларын қорғау бөлімінің инспекторлары мен ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің ғылыми қызметкерлерімен бірлесіп қаладағы мектептер мен оқу орындарында ұйымдастырып тұрады. Жыл бойы өткізілген шараларға жергілікті тұрғындар, ұстаздар, мектеп оқушылары және студенттер, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері тартылады. Биылғы жылы табиғатты қорғап,сақтауға сонымен бірге экологиялық сауаттылық пен сананы, тәрбие мен мәдениетті арттыруға бағышталған іс-шаралар тек қала көлемінде шектеліп қалмай, іргелес елді мекендердегі және облыстың аудандарындағы білім беру мекемелерінде жүргізіліп отырады.
Жыл сайын туған жер тарихы мен мәдениетін насихаттауға, адамдардың табиғатқа, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталған экологиялық ағарту іс-шараларын 22 наурыз бен 5 маусым аралығында республика бойынша қорықтар мен ұлттық бақтар арасында өтетін табиғатты қорғауға арналған «Парктер шеруі» акциясын Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы 2000-шы жылдардан бері Жаңаөзен қаласы және Маңғыстау облысы бойынша ұйымдастырып келеді.