2026 жылғы 13 ақпан күні Үстірт мемлекеттік табиғи қорығында Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістерді түсіндіру және талқылау мақсатында ұжымдық жиналыс ұйымдастырылды.
Жиын барысында Конституциялық реформалардың мән-маңызы, олардың ел дамуы мен мемлекеттік басқару жүйесіне тигізер ықпалы сөз болды. Қызметкерлерге енгізілген өзгерістердің құқықтық негіздері мен негізгі бағыттары түсіндіріліп, пікір алмасу алаңы қалыптасты.
Аталған іс-шара ұжымның құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңнамалық жаңашылдықтарға бейімделуіне және азаматтық жауапкершілігін нығайтуға бағытталды.
Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы алдағы уақытта да мемлекетіміздің стратегиялық құжаттарына қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуді жалғастырады.




