2026 жыл 9 сәуірде Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының директоры Э. Бекмагамбетова Жаңаөзен қаласындағы Политехникалық колледжде «Таза Қазақстан – болашақ кепілі» тақырыбында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында дәріс өткізді.
Дәріс барысында қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығы, табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану, экологиялық жауапкершілікті арттыру және тұрмыстық қалдықтарды азайту мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, білім алушыларға табиғатты аялау, туған өлкенің бірегей табиғи байлықтарын сақтау және қоршаған ортаны ластамау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, экология саласына қатысты пікір алмасты. Мұндай іс-шаралар жастардың табиғатқа деген жанашырлық көзқарасын қалыптастырып, экологиялық мәдениетті дамытуға үлкен үлес қосады.




