7 сәуір күні Жаңаөзен қаласының ,,Оқушылар шығармашылық үйінде,, қала мектептерінің оқушыларымен ,,Табиғатқа қамқор болайық,, тақырыбымен суретшілер байқауы ұйымдастырылды. Бұл байқаудың мақсаты: оқушыларды туған өлкенің табиғатын аялауға, қорғауға, сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу. Оқушыларды табиғатты қорғау және туған өлкенің әсемдігін насихаттайтын әртүрлі шығармашылық шаралар мен бастамаларға тарту. Суретшілер байқауына қатысушы жас өрендерге сурет салу жұмысын бастамас бұрын көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында ,,ОШҮ,, - нің талантты өнер иелері концерттік бағдарлама мен тамсандырды. Содан соң байқау жұмыстарына қойылған бірнеше талаптар оқушыларға таныстырылды. Осы талаптарды ескере отырып, оқушылар 2 (екі) сағат ішінде өз қолдарымен тақырыпқа сай жұмыс парағына суреттерін аса қызығушылықпен салды. Жүзден жүйрікті, мыңнан тұлпарды анықтайтын қазылар алқасы бүгінгі байқаудың қорытындысын жариялады.
1 орынға – №14 ЖББМ Алпамыс Сымбат.
2 орынға – Абай Құнанбаев атындағы №19 ЖББМ Болатбай Нұрасыл.
2 орынға – №15 ЖББМ Саид-Ахмал Айман.
3 орынға – №17 ЖББМ Амантұрлы Жәния.
3 орынға – Сүгір Бегендікұлы атындағы №4 ЖББМ Ерденқызы Қазына.
3 орынға – №10 ЖББМ Сулейман Амина.
Ынталандыруға ие болған мектептер – Төлесін Әлиев атындағы №1 ЖББМ Давит Фариза, Дарын білім инновациялық мектеп – Тұрсынбай Жазира, №22 ЖББМ Қалау Гүлназ, №21 ЖББМ Юсуп Аяла. Жеңімпаздар ,,ҮМТҚ,, - ның дипломдарымен, алғыс хат және сыйлықтарымен марапатталды.




