18 ақпан күні Жаңаөзен қаласының №7 ЖББМ 9 сынып оқушыларына Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының флора - фаунасы атты тақырыппен дәріс өткізілді.Дәріс өткізудегі мақсат: Үстірт қорығының флора мен фаунасын таныстыру, оқушылардың экологиялық білімдерін арттыру, экологиялық мәдениеттілікті қалыптастыру, және табиғатты қорғауға баулу.Адам өміріндегі ең керекті қазына көзі - табиғат. Өсімдік пен жануар - табиғат қазынасы, халық байлығы.Өсімдіксіз жер бетінде тіршілік жоқ.Сондықтан табиғатты қорғауға, өсімдіктер мен жануарларды сақтауға,баршамыз міндеттіміз. Р.Баданова




