A A A Ц Ц Ц Ц

ШРИФТ:

Arial Times New Roman

ИНТЕРВАЛ:

х1 х1.5 х2

ИЗОБРАЖЕНИЯ:

Черно-белые Цветные
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.

Select your language

МЕНЮ

Директор

Бекмагамбетова Эльнара Нурадиновна

тел: 8 771 224 38 70

Директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары

Ермек Жасқайрат Ермекұлы

Тел: 87056551584

Директордың орынбасары

Қалдыбай Мұхаммедұлы Мамаев

Тел: 8702 961 6388

 

2026 жылғы 3 сәуір күні «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» РММ ұйымдастыруымен Жаңаөзен қаласына қарасты Теңге ауылындағы №14 жалпы білім беретін мектеп ұжымы және «Атамұра» мәдениет үйі бірлесе отырып, «Парктер шеруі» табиғатты қорғау акциясының салтанатты ашылу рәсімін өткізді.

Аталған шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау және жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру. Акция аясында Атамұра мәдениет үйі өнерпаздары өз өнерлерін көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Сонымен қатар, оқушылар ұйымдастырылған көрмені тамашалап, табиғат тақырыбындағы шығармашылық жұмыстармен танысты.

Іс-шара барысында оқушылар белсенділік танытып, қоршаған ортаны көгалдандыру мақсатында ағаш отырғызу жұмыстарына қатысты. Бұл игі іс олардың табиғатқа деген жанашырлығын арттырып, экологиялық жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал етті.

Шара соңында табиғатты қорғау – әрбір азаматтың ортақ міндеті екені атап өтіліп, акцияның маңыздылығы ерекше айтылды.