«Ұлттық ойындар» сайысы өтті!
"Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы" РММ-нің Экологиялық ағарту және туризм бөлімі мамандарының ұйымдастыруымен, "Оқушылар шығармашылық үйі" КММ-мен бірлесе отырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Ұлттық ойындар» сайысы өткізілді.
Сайысқа қатысушылар «Тұлпар», «Барыс» және «Қыран» топтары болып үш топқа бөлініп, ұлттық ойындар бойынша өзара бақ сынасты. Командалар белсенділік танытып, шапшаңдық, ептілік және ұйымшылдықтарын көрсетті.
I орын — «Қыран» тобы
II орын — «Тұлпар» тобы
III орын — «Барыс» тобы
Сайыс өте қызықты әрі тартысты өтті! Қатысушыларға белсенділіктері мен жақсы көңіл-күйлері үшін алғыс білдіреміз!
Ұлттық ойын — ұлт мұрасы!
#ҰлттықОйындар #ҮстіртҚорығы #ҰлттықҚұндылық #ҰлттықМұра #Маңғыстау #ТабиғаттыҚорғау #ЭкологиялықАғарту




