Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының экологиялық ағарту және туризм бөлімінің мамандарымен "Парктер шеруі – 2026" табиғатты қорғау акциясы аясында 2026 жылдың 20 мамыр күні Теңге ауылындағы ЖББМ-де 4-сынып оқушылары арасында "Қызғалдақ – табиғат ғажайыбы" атты байқау өтті.
Байқаудың мақсаты – Қызыл кітапқа енген қызғалдақтарды сақтауға, қорғауға баулу, табиғатқа сүйіспеншілік сезімін арттыру және оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру.
Байқау 4 кезең бойынша өткізілді:
І кезең – "Таныстыру",
ІІ кезең – "Қызғалдақ" суретін салу,
ІІІ кезең – "Өз өнерін көрсету",
IV кезең – "Қызғалдақ" костюмін таныстыру.
Оқушылар байқауға ерекше қызығушылықпен қатысып, өз өнерлері мен шығармашылық қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетті. Қазылар алқасы бағалау критерийлеріне сәйкес қатысушыларға оң бағасын берді.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар "Үстірт" МТҚ атынан дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.




