Қарақия-Қаракөл мемлекеттік зоологиялық қаумалының бөлігі Қаракөл көлінде Халықаралық волонтерлер жылы аясында құстарды бақылау, судың, ауаның, топырақтың химиялық құрамы мен экологиялық ахуалын мониторингілеу жұмыстары мен көл жағалуына тазалық жұмыстары жүргізілді.
Аталған экологиялық акцияға Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері мен инспекторлары және Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жанындағы «Эколидер» волонтерлық клубының еріктілері мен «ECO-SOCIAL» қоғамдық бірлестігінің мүшелері қатысты.
Тазалық жұмыстары аясында Қаракөл жағалауы тұрмыстық қатты қалдықтардан тазартылды.
Үстірт мемлекеттік табиғи қорығымен «Эколидер» волонтерлық клубының жетекшісі Жақсылықова Бақытгүл Өмірханқызы, аға волонтерлары Қозыбақов Әділбек Мұстажебұлы мен Әкімжанов Данияр Демесінұлы, клубтың вице-президенті және «Қаракөл сақшылары» жасағының көшбасшысы Арслан Рафаил «Эколидер» волонтерларымен бірлесіп табиғатты сақтау, биоалуантүрлілікті зерттеу және экоағарту іс-шараларын жоғары деңгейде өткізуге әрдайым дайын екендігін жеткізді.




