A A A Ц Ц Ц Ц

ШРИФТ:

Arial Times New Roman

ИНТЕРВАЛ:

х1 х1.5 х2

ИЗОБРАЖЕНИЯ:

Черно-белые Цветные
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.

Select your language

МЕНЮ

Директор

Бекмагамбетова Эльнара Нурадиновна

тел: 8 771 224 38 70

Директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары

Ермек Жасқайрат Ермекұлы

Тел: 87056551584

Директордың орынбасары

Қалдыбай Мұхаммедұлы Мамаев

Тел: 8702 961 6388

 

Көктемгі және күздегі жыл құстарының қоныс аудару кездерінде құстар фаунасы әртүрлі болады. Үстірттің қатаң климатына, суықтығына қарамастан бүркіт, қарақұс, ителгі, жұртшы, лашын, күйкентай, үкі, қарабауыр бұлдырық, суық торғайлар, қара қарға, ала қарғалар, кептерлер, шымшықтар, қорық аумағында қыстап қалады. Қорық құстар қорек ететін астық тұқымдасты мортық, сортаң ажырығы, жабайы арпа тәрізді өсімдіктерге өте бай. Сонымен бірге кеміргіштер отрядына жататын саршұнақ, тарбаған, қосаяқ, жыртқыш құстар аулап, азық етеді. «Парктер шеруі -2026» табиғатты қорғау акциясы аясында 1 сәуір – Халықаралық құстар күніне орай «ҮМТҚ» экологиялық ағарту және туризм бөлім басшысы Абиев Аманқос пен бөлім мамандары бірлесіп Сүгір Бегендікұлы атындағы №4 ЖББМ-те сонымен қатар Теңге кентінде орналасқан №14 ЖББМ-ке барып оқушыларға құс ұяшықтарының жасалуы жолдары бойынша, шеберлік сабағын жүргізді.Сабақтың тақырыбы: «Құс ұяшықты жасау және орнату». Сабақтың мақсаты: Оқушыларға құрылыс материалдарының негізгі түрлерімен таныстыру және қарапайым құрастыру іскерлігін дамыту. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту арқылы құстың ұясын құрастырып жасай білуге үйрету. Оқушыларды ұйымшылдыққа, құстарға қамқор болып, бірлесіп еңбек нәтижесіне жетуге тәрбиелеу. Құс ұяшығын жасауды аса үлкен қызығушылықпен өздері жасауға ниет білдіріп, қорық мамандарымен бірлесе бірнеше құс ұяшығын өз қолдарымен жасап шығарды. Оқушылар 1 сәуір - Құстар күніне өз үлестерін қосып мәз мейрам. Дайын болған ұяшықтарды оқушылармен бірлесе мектеп ауласындағы бұтақтарға ілінді.