Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы РММ қызметкерлері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында бекітілген жоспарға сәйкес, 22 мамыр 2026 жылы Қарақия-Қаракөл мемлекеттік зоологиялық табиғи қаумалының Қаракөл көлі аумағында кезекті тазалық жұмыстарын жүргізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – табиғи аумақтың тазалығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Тазалық жұмыстарына қорықтың 25 қызметкері қатысып, аумақ тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстардан тазартылды. Нәтижесінде 4 тонна қоқыс шығарылып, табиғи аумақтың санитарлық жағдайы жақсартылды. Сонымен қатар, қатысушылар табиғатты таза ұстау мен қоршаған ортаға жанашырлықпен қараудың маңыздылығын атап өтті.
Осындай экологиялық шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табатын болады.




