2026 жылдың 3 шілдесінде Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының экологиялық ағарту және туризм бөлімінің ұйымдастыруымен "Academy MAXIMUS" спорттық мектебінің тәрбиеленушілері арасында эстафеталық сайыс өткізілді.
Іс шараның негізгі мақсаты - жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру мен спортқа деген қызығушылықты арттыру, ұйымшылдық пен достық қарым-қатынасты нығайту. Эстафеталық жарыс бес кезеңнен тұрды.Сайысқа "Арқар","Қарақұйрық" және "Итаю" командалары белсенді қатысып, өздерінің ептілігі мен шапшаңдығын, командалық бірлігін көрсетті.Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар анықталып, жүлделі орындарға ие болған қатысушылар Үстірт МТҚ атынан дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.




