2023 жылдың сәуір айының 23 нен бастап Түркістан-Астана арасында өтетін “Ұлы дала жорығы” марафонының дайындығына Маңғыстау облысының 5 аудан 2 қаласынан 24 ат қатысуда. Бүгінге дейін Ақтөбе қаласында 200 шақырымдық сынақ өтіп, қазір Маңғыстау облысы Құланды ауылындағы Аққанат ипподромында алдағы жарыстарға дайындық жүргізіп жатыр. Бүгін үздік 11 жүйрікті анықтау үшін таңертең сағат сегізде 50 шақырымға жіберілген аттар алғашқы тексеруден өтіп, бірінші айналымын аяқтады. Аттар 1 сағат демалып, келесі 50 шақырымға шабады. Күн райының қолайсыздығына қарамастан, бүгінгі сынаққа ат баптап жүрген жігіттердің дайындығын көру үшін Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының мемлекеттік инспекторлары, экологиялық ағарту және туризм бөлімінің мамандары қатысты. «Ақ ниет» қоғамдық бірлестігінің басшысы Құлбеков Орынбасар барлық қатысушылар мен Үстірт қорығының ұжымына ризашылығын білдірді.