15.10.2024-17.10.2024 аралығында Жаңаөзен қаласы №22ЖББ мектеп оқушыларына биыл құрылғанына 40 жыл толған қорықтың биоалуантүрлілігі мен табиғи кешендері туралы дәріс өткізілді.

Қазақстанның Батыс өңіріндегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың бірі- Үстірт қорығы. Шөл зонаның табиғи кешені мен табиғи ландшафттың алуан түрлілігін табиғи түрде сақтап қалу үшін қорғау жұмыстары, ғылыми зерттеу жұмыстары және экологиялық ағарту шаралары жүргізіледі.
15.10.2024-17.10.2024 аралығында Жаңаөзен қаласы №22ЖББ мектеп оқушыларына биыл құрылғанына 40 жыл толған қорықтың биоалуантүрлілігі мен табиғи кешендері туралы дәріс өткізілді. Оқушыларға қорық аумағында мекендейтін жануарлар, құстар, жәндіктер мен өсімдіктері туралы мағлұмат айтылды.