17 наурыз 2026 жыл Үстірт мемлекеттік табиғи қорығында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Сүгір Бегендікұлы атындағы №4 жалпы білім беретін мектептің 6–7 сынып оқушыларына құстар популяциясын сақтаудың маңыздылығы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, оқушыларға ұя жәшіктерін жасау бойынша шеберлік сабағы өтті. Шеберлік сабағы аясында оқушылармен бірлесе отырып дайындалған ұя-жәшіктері мектеп аумағына орнатылды.
Шара барысында оқушылар табиғатты қорғау, құстарға қамқорлық көрсету және олардың тіршілік ортасын сақтау бағытында маңызды ақпараттар алып, экологиялық мәдениетін арттырды. Сонымен қатар, оқушылар өз қолдарымен жасаған ұя жәшіктерін орнату арқылы табиғатты аялауға үлес қосты.
Аталған іс-шараға жалпы 45 оқушы қатысып, нәтижесінде 15 ұя жәшігі жасалып, мектеп аумағына орналастырылды.




