- Категория: Жаңалықтар
10 наурыз 2023 жылы Қарақия ауданы Сенек ауылындағы жалпы білім беретін “Қашаған Күржіманұлы" атындағы мектеп оқушыларына Үстірт қорығының экологиялық ағарту және туризм бөлімінің мамандары Р. Баданова С. Хожабаева, Н. Джалгасов және Сағызбаева А. қорықтың тыныс-тіршілігі, мекендейтін жануарлары, құстары, табиғи және тарихи-мәдени ескерткіштері туралы мағлұмат беріп, дәріс сабақтар өткізді. Сонымен қатар бөлім ұйымдастыруымен жасалған туристік маршрут туралы ақпарат берді.
- Категория: Жаңалықтар
Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының инспекторлары А. Өзбекбаев, Б. Бердібеков, Ә. Беков, Д. Атантаев, Н. Уалихан, Б. Қожашев 05.03-14.03.23 аралығында кезекшілікпен қатар қорық аумағындағы бұлақ көздерін ашып, аншлагтарды жөндеп, аңдардың су ішетін астауларын судан толтыру жұмыстарын жүргізді.
- Категория: Жаңалықтар
2023 жылы 3 наурызда жыл сайынғы семинар сабақтарының аясында қорықтың инспекторлар құрамына "Үстірт қорығының флорасы мен фаунасы" тақырыбында аға ғылыми қызметкер С.Тұрмағамбетов, "Фототұзақ құру әдістері. Сүтқоректілерге мониторинг жүргізу" тақырыбында аға ғылыми қызметкер А.Пулатов дәріс оқып, Жаңаөзен қаласы маңындағы жасанды көлшік аумағында практикалық сабақтар өтті.
- Категория: Жаңалықтар
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 2013 жылы бүкіл флора мен фаунаны қорғау мақсатында 3 наурызды “Дүниежүзілік жабайы табиғат күні” (World Wildlife Day) деп бекітті. Жабайы фауна мен флораны бағалап, оның сақталуы бүкіл планета үшін маңызды. Жабайы табиғаттағы барлық түрлер қоршаған ортаға өте қажет. Әрбір түрдің өзіндік қызметі мен міндеті бар. Сол себепті қоршаған ортадағы жабайы табиғаттың құндылығын тану үшін жастарға, қоғамға қоршаған ортаға қамқорлық жасап, қорғаудың маңыздылығын үйрету өте маңызды.




