Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Ж.Ермек, ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің ғылыми қызметкерлері А.Пулатов, Н.Жабас қорықтың жылдық жұмыс жоспарына сәйкес өсімдіктер мен жануарлар түрлерін анықтауға, «Табиғат жылнамасы» кітабына қажетті сурет, бейнематериалдар түсіруге және бақылаулар жүргізуге 2026 жылдың тамыз айының 27-29 күндері аралығында ғылыми экспедицияға барып келді.




