Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы – ерекше табиғи ландшафттарымен танымал өңір. Мұнда биік жарқабақтар (шынқылар), кең жазықтар, тақырлар, сорлар, шатқалдар мен Қарынжарық ойпаты сияқты қайталанбас жер бедері сақталған.
Миллиондаған жылдар бойы қалыптасқан бұл табиғи ландшафттар Үстірттің көркін айшықтап қана қоймай, сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің тіршілік ету ортасы болып табылады.
Үстірт – табиғаттың қайталанбас мұрасы, оны қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз!




