Үстірт мемлекеттік табиғи қорығына Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының орман және ЕҚТА бөлімінің басшысы М.Сансызбаев келіп өрттің алдын алу және оған қарсы іс-қимыл шараларын тексеріп, өрт қауіпті маусымға дайындық барысын тексерді. Осыған орай қорықтың мемлекеттік инспекторларының өрт қауіпті кезеңге дайындығын пысықтау жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында инспекторларға өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндіріліп, төтенше жағдай кезінде жедел әрекет ету тәртібі бойынша нұсқаулықтар берілді. Сонымен қатар, өрт сөндіру құрал-жабдықтарының дайындығы тексеріліп, арнайы техникалардың жұмыс жағдайы қаралды.
Қорық аумағында табиғи өрттердің алдын алу мақсатында бақылау-қадағалау жұмыстары күшейтіліп, патрульдік рейдтер ұйымдастырылады. Бұл шаралардың басты мақсаты – табиғатты қорғау, орман мен жануарлар дүниесін өрт қауіпінен сақтау.
Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы табиғатты қорғау ісінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтай отырып, өрттің алдын алу бағытындағы жұмыстарды тұрақты түрде жүргізеді.
Жұртшылықпен байланыс маманы: М.Турлыбаева




