A A A Ц Ц Ц Ц

ШРИФТ:

Arial Times New Roman

ИНТЕРВАЛ:

х1 х1.5 х2

ИЗОБРАЖЕНИЯ:

Черно-белые Цветные
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.

Select your language

МЕНЮ

Директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары

Нурмухамбетов Жаскайрат Эрмекович

Ұялы тел: 87002961384

Директордың орынбасары

Ағиев Меңдібай Ізтұрғанұлы

Ұялы тел: 87718383013

Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекция басшысы Ғаббас Досатовтың төрағалығымен Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ «Қарақия-Қаракөл» қаумалына бақылау жасау, қорғау, тазалық жұмыстарын жүргізу, жаңа аншлагтар орнату бойынша жиын болып өтті. Қазақстан Республикасының Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңының 69 бабы 2 тармағына сәйкес мемлекеттік табиғи қаумалдарды күзету режимі мен оларды пайдаланудың ерекшеліктері паспортпен айқындалады.

«Қарақия-Қаракөл» қаумалының паспортына енгізілген өзгерістерге сәйкес, қаумал аумағында – ұшу аппараттарын, оның ішінде дрон, квадрокоптер және басқа да ұшу аппаратымен 1 (бір) километр биіктіктен төмен ұшыруға,

уәкілетті орган ведомствасының келісімімен жануарларды қорғау, есебін жүргізу, ғылыми мақсаттарды қоспағанда, сондай-ақ жануарларды ұстауға, жоюға, үркітуге, ұшу аппаратымен, өзге де техникамен жануарлардың тыныштығын, құс ұяларын, індерді бұзуға, жануарлардың өсіп-өнуіне залал келтіретін кез-келген іс-шаралар жүргізуге, өсімдіктер өсетін жерлер мен жануарлардың тіршілік ортасын бұзуға, қаумал аумағында шаруашылық қызметіне қатысы жоқ басқа адамдар мен техниканың болуына тыйым салынады. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі Комитетінің келісімімен қаумал аумағында ғылыми, экологиялық ағарту, туристік, шектеулі шаруашылық мақсатта пайдалануға, ғылыми ұйымдар және жоғарғы оқу орындарының студенттерінің өндірістік тәжірибесін, ғылыми-зерттеу жұмыстарын келісілген тақырыптар бойынша өткізуге рұқсат беріледі. Сонымен бірге, паспортта басқа да тыйым салынған және рұқсат етілген қызмет түрлері белгіленген.

Ағымдағы жылдың сәуір, мамыр айларында қаумал аумағындағы аншлаг белгілерді жаңарту, қосымша плакаттар орнату, тазалық жұмыстарын жүргізу және қаумал аумағындағы шаруа қожалық иелері мен жер пайдаланушыларға түсінік жұмыстарын жүргізу жоспарланды.

Үстірт қорығы облыс тұрғындарын, қонақтарды, туристерді Қазақстан Республикасы «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы», «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту, пайдалану туралы» Заңдарын және «Қарақия-Қаракөл» қаумалы паспорты талаптарын сақтауды сұрайды. Қандай да бір мәселелермен Үстірт мемлекеттік табиғи қорығына немесе қаумал инспекторларына хабарласуға болады.

Тел: 872934 76 8 33