2025 жылдың 15- наурыз күні Құланды ауылында «Таза Қазақстан» акциясы аясында “Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күніне” орай үлкен сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілікке Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері және жергілікті тұрғындар қатысты
Сенбілік барысында ауылдың балалар ойын алаңдарына ағаштар отырғызылды. Бұл қадам балалардың демалу орнының жасыл желегі мен экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған. Сонымен қатар, ауыл аумағында қоқыс тазарту жұмыстары жүргізіліп, қоршаған ортаны қорғау мәселесіне назар аударылды.
“Таза Қазақстан” акциясы аясында, 80 дана тал егіліп, 8 куб қоқыс шығарылды.