A A A Ц Ц Ц Ц

ШРИФТ:

Arial Times New Roman

ИНТЕРВАЛ:

х1 х1.5 х2

ИЗОБРАЖЕНИЯ:

Черно-белые Цветные
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.

Select your language

МЕНЮ

Директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары

Нурмухамбетов Жаскайрат Эрмекович

Ұялы тел: 87002961384

Директордың орынбасары

Ағиев Меңдібай Ізтұрғанұлы

Ұялы тел: 87718383013

Қарақұлақ (лат.Lynx caracal)  – жыртқыштар отрядының мысықтар тұқымдасына жатады.

Мекендейтін жерлері: Сексеуіл,жыңғыл, жүзгүн және тағы басқа бұталар өскен құмды шөлдер, Үстірттің биік жарлары, сазды қыратты бұталы шөлдер, тау етектері және аласа таулар, сексеуіл мен жыңғыл өскен өзендер арнасы.

Құмды шөлдерді шаруашылық мақсаттар үшін игеру қарақұлақты қолайсыз қоныстарға ығыстыруда.

Биологиялық ерекшеліктері: Түнде тіршілік етеді, бірақ суық кезде тіршілігі күндізде өтеді. Негізгі азықтары – құм қояны (25-27%), зорман (19,4%)  және үлкен құм тышқаны (15,2%). Кейде қарақұйрықтың лағын, үстірт арқарының қозысын ұстауы да мүмкін. Аздап қойлар мен жайраға да шабуыл жасауы мүмкін. Жатақтары – басқа аңдардың індері, кейде бұталар астында өздерінің жатақтарын салады. 70 күндей буаз болып, сәуірдің басында 3 – 4 ұрпағы дүниеге келеді. Жаулары – қасқыр, малшы иттері, ал жас жануарлар үшін – ірі жыртқыш құстар; бәсекелестері – сол аталған жануарлар, сондай – ақ түлкі мен дала мысығы.