2026 жылдың 9 ақпанында «Қызылсай өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өкілдері Үстірт мемлекеттік табиғи қорығына тәжірибе алмасу мақсатында іссапармен келді. Іссапарға мекеме директорының орынбасары Ә.Тулемисов, ғылыми бөлім басшысы С.Қанбаев, аға ғылыми қызметкер Н.Құлжанова және туризм және рекреация инженері А.Дәулетова қатысты. Кездесу барысында туризмді дамыту бағыттары, табиғи ресурстарды қорғау, ғылыми-зерттеу жұмыстарының ұйымдастырылуы, жан-жануарларға мониторинг жұмыстарын жүргізу әдістері бойынша өзара тәжірибе алмасты. Сонымен қатар, қорықтың ғылыми қызметкерлерімен мазмұнды сұхбат жүргізіліп, табиғи кешендерді сақтау мен тиімді басқару мәселелері талқыланды.
Бұл іс-шара екі мекеме арасындағы ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға, тәжірибе мен ақпарат алмасу арқылы табиғи мұраларды қорғау ісін жетілдіруге ықпал етті.




