Кәдімгі жұмсақ жеміс. (Malacocarpus crithmifolius) Шектеулі территорияда кездесетін, өсу ортасы өзгергенде жойылып кетуі ықтимал сирек түр. Монотипті туыс өкілі, реликт. Азықтық, декоративті өсімдік. Биіктігі 1,5 м, бұтақтары жайылған жазық жасыл өсімдік. Жапырақтары жалаңаш бұрыс екіқайтара ланцетті-таспалы бөліктерге тілімделген, кезектесіп орналасады. Гүлдері қосжынысты, жалқы, гүлсағағының ұзындығы 2 см-ге жетеді, жапырақтарына қарама-қарсы орналасады, тостағаншасы 5 салалы. Күлтелері лимон-сары, бір гүлде 5 тен. Жемісі – шырынды, 3 ұялы жидек, қызыл. Жапырақтары сәуір айында өсе бастаса, мамыр-маусымда қарқыны күшейеді.
"2 ақпан-Дүниежүзілік сулы-батпақты алқаптарды қорғау күніне" орай Үстірт қорығы мен Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі "Қаракөл көлінің бүгінгі жағдайы және болашағы" тақырыбында бірлескен "Экокөзқарас" жобасын ұйымдастырды. Бұл жобада Қаракөлдің қазіргі жағдайы, болашағы, "Қаракөл сақшылары" еріктілерінің көмегі, дрон ұшырудың көлдегі тіршілік иелеріне зиянды әсері, қорғау жұмыстары және т.б. мәселелер туралы айтылды.
2023 жылы 27 қаңтар - 5 ақпан күндері аралығында Үстірт қорығы ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің ғылыми қызметкері Әділбек Қуанов бекітілген ғылыми тақырыбы бойынша қорық аумағына іссапарға барып, қажетті ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіп келді.
Қоқиқаз (Phoenicopterus roseus)
Қоқиқазтәрізділер отряды
Қоқиқаздар тұқымдасы
Орталық Америка, Африка және Евразияның оңтүстігі. Қазақстанда бар – жоғы ұш жерде ұяялайды. Ақмола облысындағы Теңіз көлінде, Шалқар – Теңіз көлі (Торғай ойысы) және Каспий теңізінің солтүстік – шығыс жағалауы, мұнда 1950 жылдардың аяғына дейін ұялаған және 1970 жылдардың аяғында қайта пайда болған.
Мекендейтін жерлері. Жағалауы батпақ адам аяғы қиын басатын жайдақ аралдары бар таяз тұзды су қоймалары. Ұялайтын шоғырларының орны су деңгейінің ауытқуы және оның тұздылығының өзгеруіне байланысты.
- Ғылыми қызмет бойынша баяндама. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жүргізілетін ғылыми зерттеу жұмыстарына қатысты жиналыстар өткізу
- Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің ғылыми қызметкерлері С.Тұрмағамбетов, Ә.Куанов, Т.Дарибаев, жүргізуші К.Есдаулетов және кезекшілікте жүрген қаумал инспекторлары Е.Берленов,
- 2022 жылының қазан айының 17-19 күндері "Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы"РММ-нің ғылым,ақпарат және мониторинг бөлімінің басшысы Ж.А.Устадов, ғылыми қызметкерлер А.Пулатов, Т.Дарибаев, А.Қуанов, Маңғыстау облысы бойынша

