Түлкі (Vulpes vulpes) - жыртқыштар отрядының иттер тұқымдасына жатады. Орташа дене бітімді. Денесі ұзын, аяқтары қысқа. Тұмсығы созылған, құлақтары үлкен, тік, үшкір. Құйрығы денесінің жартысынан ұзын және өте үлпілдек. Негізінен, түлкілер - түнгі жануарлар, яғни олар күндізге қарағанда түнде белсендірек болады. Олардың көру, иіс сезу және есту мүшелері өте жақсы дамыған.