Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің «Ландшафтық дизайн» және «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» білім беру бағдарламаларының III курс студенті Рейимбай Жұлдыз Қосайқызы 2026 жылғы 20 шілде мен 2 тамыз аралығында Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінде кәсіптік практикадан өтті. Кәсіптік практиканың негізгі мақсаты – студенттің оқу барысында меңгерген теориялық білімдерін тәжірибелік тұрғыдан бекіту, мониторинг жүргізу, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының ұйымдастырылу ерекшеліктерімен танысу. Практика барысында студент қорық аумағының табиғи-ландшафтық ерекшеліктерін зерделеуге, биоалуантүрлілікті сақтау және табиғи экожүйелердің жағдайын бақылау бағытындағы жұмыстарға қатысты




