2026 жылғы 17 маусым күні Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы мамандарының қатысуымен Үстірт мемлекеттік табиғи қорығында «SMART енгізудің бірінші қадамы» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинар барысында Талғат Кисебаев және Олег Лукановский SMART бағдарламасын табиғатты қорғау саласында қолданудың негізгі бағыттары мен мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат берді.
Іс-шара барысында қатысушыларға SMART жүйесінің жұмыс істеу қағидаттары, деректерді жинау және өңдеу тәсілдері, сондай-ақ табиғи аумақтарды тиімді бақылау мен қорғаудағы маңызы түсіндірілді. Семинар тәжірибе алмасуға және қорық қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталды.




