Жаз маусымы басталысымен, күннің күрт ысуына байланысты өрттің қаупі күшейеді. Осындай аптап ыстық пен қуаңшылық кезеңінде ормандардағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаудың маңызы өте зор. Өрттің басым көпшілігі шөп, жайылым жерлерге, орман алқаптарына көршілес орналасқан шаруа қожалықтары және ауыл шаруашылығы ұйымдарына тиесілі жерлердегі жұмыстар кезінде техникалардан шыққан ұшқын, далада от тұтату, түрлі қалдықтарды жағу салдарынан басталады. Сондай-ақ табиғат аясында демалушылар мен тұрғындардың өрт қауіпсіздігін сақтамауы да орны толмас қайғылы оқиғаларға алып келіп жатады. Адамдардың немқұрайлығынан, ойланбай тасталған темекі тұқылы, сөнбей қалған от, осының барлығы өрттердің шығуының негізгі себептері болып келеді. Сондықтан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтайық!
Лаборант Г.Женаева