Бүгін – табиғат жанашырлары, құстар әлемінің зерттеушілері – орнитологтардың кәсіби мерекесі! Қанатты тіршілік иелерін зерттеп, олардың мекен ету ортасын қорғау жолында аянбай еңбек етіп жүрген барша мамандарға алғысымыз шексіз. Құстар – табиғаттың тепе-теңдігін сақтайтын ерекше жаратылыс иелері. Ал оларды қорғау – ортақ міндет. Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында сирек кездесетін түрлер сақталып, табиғи мұрамыз келешек ұрпаққа аман жетуде. Барша орнитологтарға мықты денсаулық, табысты зерттеулер, сәтті экспедициялар және жаңа ғылыми жетістіктер тілейміз! Табиғатты бірге қорғайық!




