Қазақстан, Өзбекстан, және Түрікменстан арасында 2025 жылдың сәуір айында қол қойылған Үстірт меморандумының жол картасы бағыттарының бірін орындауға, атап айтқанда жабайы тұяқтыларды сақтау және олардың көші-қон жолдарын анықтау жөніндегі іс-шараларға Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Ж.Е.Ермек, аға ғылыми қызметкер А.А.Пулатов, инспектор Д.А.Атантаев, сондай-ақ сарапшы-эколог В.А.Тереньтев 2026 жылдың қыркүйек айының 15-23 күндері аралығында қатысып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын атқарып келді.




