Кәдімгі жұмсақжеміс Семейство Peganaceae - Пегановые Шектеулі аумақта кездесетін, өсу ортасы өзгергенде жойылып кетуі ықтимал түр. Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген. Азықтық, декоративті өсімдік. Биіктігі 1,5 м жететін, бұтақтары жайылған өсімдік. Гүлдері қосжынысты, жалқы, гүлсағағының ұзындығы 2 см-ге жетеді, жапырақтарына қарама-қарсы орналасады, тостағаншасы 5 салалы болып келеді. Күлтелері сары түсті, бір гүлде 5-тен болады. Маңғыстаудағы Үстірттің шыңдарында, таулы шатқалдардың қиыршықтасты беткейлерінде кездеседі.





